Сирияда америкалық күштердің саны ұлғаюда
(last modified Sun, 12 Mar 2017 16:39:09 GMT )
Нау 12, 2017 22:39 Asia/Almaty
  • Сирияда америкалық күштердің саны ұлғаюда

Сириялық дереккөздері 200-ге жуық америкалық сарбаздың Сирияның солтүстігінде орналасқан "Манбидж" қаласының солтүстік-батысындағы "әл- Асалие" елді мекеніне орналастырылғанын мәлімдеді.

Сириялық дереккөздері жексенбі күні хабарды жариялап: "Осы топтың орналастырылуымен Сириядағы америкалық күштердің саны 700 әскериге жетеді" деді. Мұнымен қатар, "Сириядағы адам құқығын бақылаушы" деп аталатын топ "Американың 43 танкі мен сауытты көліктері " Манбидж" қаласының маңына жеткізілді." Осы сауытты көліктердің енгізілуімен ДАИШ лаңкестеріне қарсы соғыс басталады деп күтілуде" деген уәж айтты. АҚШ Сауд Арабиясы, Түркия, Катар және сионистік режим Сирия мен Иракта ДАИШ лаңкестік тобының негізгі қалыптастырушылары мен демеушілері және оларды жабдықтаушылар болып есептеледі. Сирия президенті Башар Асад америкалық және түркиялық күштердің Сирия жерінде болуына көрсеткен реакцияда: "Осы екі елдің күштері Дамаск үкіметінің шақыруынсыз, әрі рұқсатынсыз Сирияға келіп отыр. Олардың әрекеті басқыншылық болып саналады" деді. Түркия лаңкестерді демеушілердің бірі ретінде лаңкестікпен күресу желеуімен өткен жылдың 24-ші тамызынан бері Сирияның солтүстігінде "Евфрат қалқаны" амалдарын бастаған болатын.