Ирак армиясы Мосулдің батысын азат ету үшін тағы бір қадам жасады
Мосулдегі әскери амалдардың қолбасшысы осы қаланың батысында орналасқан ән-Нафт аймағының азат етілгенін және ирактық күштердің алға жылжуының жалғасып жатқанын хабарлады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мосулді азат ету әскери амалдарының қолбасшысы Абдоламир Яролла бір мәлімдемеде Ирактың лаңкестікке қарсы арнайы күштерінің дүйсенбі күні ән-Нафт аймағын ДАИШ күштерінен тазартып, осы аймақтағы ғимараттардың шатырына Ирактың туын желбіреткен соң Мовазафин аймағына аттанғанын хабарлады.
Ирак армиясының офицерлерінің бірі Джаббар Хосейн де: "Ирактық күштер ән-Нафт аймағын азат етумен қоса, ДАИШ-тің 20 лаңкесінің көзін жойып, осы топтың бірнеше жылжымалы әрі тұрақты нысаналарын жойды.
Ирактың лаңкестікке қарсы арнайы күштері мен ДАИШ мүшелері арасында Мосулдың батыс бөлімінің ескі аймақтарында қатты шайқас жалғасуда" деді.