Иран Президенті Кувейт Әміріне жолдау жіберді
(last modified Tue, 14 Mar 2017 09:12:44 GMT )
Нау 14, 2017 15:12 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Кувейт Әміріне жолдау жіберді

ИИР Президенті Хасан Руханидің дүйсенбі күні Кувейт Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер әл-Сабахке жіберген жолдауы сол елдің Сыртқы істер министріне тапсырылды.

ИИР Президентінің  жолдауын дүйсенбі күні сол елдегі Иран елшісі Әлиреза Инаяти Кувейт Сыртқы істер министрі Сабах Халед әл-Хамд әл-Сабахқа тапсырды.

Иран Президенті 2017-ші жылдың ақпан айының 15 күні Кувейт Әмірінің шақыруымен сол елге сапар шегіп, Кувейттің жоғары деңгейлі басшыларымен кездесуде екіжақты қарым-қатынастар және ортақ мәселелер туралы сұхбаттасқаннан кейін Иран мен Парсы шығанағы Ынтымақтастық кеңесі елдерінің арасындағы жақын қарым-қатынастарының маңыздылығын қуаттады.