Ирандық зияратшылар үшін әл-Харам мешітіне жол ашылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i25332
Иранның Қажылық және зиярат ісі жөніндегі ұйымы ирандықтардығ 2017 жылы қажылыққа баруы үшін жағдайдың әзірленгенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 18, 2017 16:05 Asia/Almaty
  • Ирандық зияратшылар үшін әл-Харам мешітіне жол ашылды

Иранның Қажылық және зиярат ісі жөніндегі ұйымы ирандықтардығ 2017 жылы қажылыққа баруы үшін жағдайдың әзірленгенін хабарлады.

Иранның Қажылық және зиярат ісі жөніндегі ұйымы жұма күні кешке: "Назарға алған жағдайлардың қамтамасыз етілгеніне көз жетіп, Ислам революциясы жетекшісінің баса айтқан мәселелері ескерілген соң, сондай-ақ консулдық, медициналық және тағы да басқа салалардағы қажетті қызметтердің көрсетілуі үшін тиісті жағдайлардың әзірленуімен биыл ирандықтардың қауіпсіздік пен қадір-қасиетінің сақталуына негізделген қажылық сапары іске асатын болды. Сонымен алдағы қажылық сапарына 850 000 ирандық аттанады",- деп мәлімдеді.

Осы хабарға сәйкес, Мина апаты мен әл-Харам мешіті шәһидтеріне қатысты түрлі тақырыптар негізіндегі келіссөздердің егжей-тегжейі мен соған байланысты қорытынды нәтижелер жақын арада хабарланады.

Сауд Арабиясы 2016 жылы жалған дәлелдермен кейбір мұсылман елдерінің, соның ішінде Иран мен Сирияның азаматтарының қажылыққа баруына тосқауыл жасаған болатын.