Сейіт Хасан Насролла: БҰҰ АҚШ-тың алдында қауқарсыз
Ливан Хезболласының бас хатшысы хазірет Фатима Захраның (ғ.) туған күніне орай сөйлеген сөзінде: «АҚШ БҰҰ-на қаржыдан айыру туралы қоқан-лоққы жасап, бұл ұйымды өзіне мойынұсындырды»,-деді.
«Әл-Минар» телеарнасының хабарлауы бойынша, Ливан Хезболласының бас хатшысы: «ESCWA ұйымы бірнеше күн бұрын есеп жариялады. Онда Израильдің палестиналықтарға қарсы қылмыстары баяндалған. Бірақ АҚШ БҰҰ-на ESCWA-ның есебін қайтарып алу туралы қысым жасады. БҰҰ осы ісімен әлсіз әрі бағынышты ұйым екенін көрсетті»,-деді.
Сейіт Хасан Насролла БҰҰ Бас хатшысының Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына қатысты кері шегінгеніне тоқталып: «Бұл ұйым АҚШ-қа төтеп бере алмайды, ақиқатты қорғауға да жарамайды»,-деді. Ол Араб лигасы мен исламдық ұйымдардан осы есептің БҰҰ-да тіркелуін қадағалауды сұрады.
Сейіт Хасан Насролла өз сөзінің келесі бір бөлігінде: «Сириядағы соғысты қамтамасыз ету үшін жұмсалған арабтың қаражатының барлығын Құдс халқын мен Газаны қайта жөндеуге жұмсауға болатын еді. Сирияға қарсы қастандық ұйымдастырған барлық халықаралық және аймақтық күштер өз мақсаттарын орындауда сәтсіздікке ұшырады. Сирия мен қарсыласу өзегіне қарсы миллиардтаған доллар қаражат жұмсалды. Сирияға үстемдік етуге үміттенген адамдар жеңіліс тапты»,-деді.