Әл-Хуси: Йеменге қарсы шабуылдың негізгі факторлары мен қолдаушылары – АҚШ пен Израиль
Йемендегі Ансаролла қозғалысының бас хатшысы: "АҚШ – Йеменге қарсы басқыншылыққа дем беруші; сионистік режим – оның жүрегі, ал Сауд Арабиясы оның негізгі құралы болып табылады",- деді.
Йемендік Almasirah телеарнасының хабарлауынша, Йемендегі Ансаролла қозғалысының жетекшісі Абдул Малек әл-Хуси сенбі күні кешке Сауд Арабиясының Йеменге жасап жатқан шабуылдарының екінші жылдығында АҚШ, сионистік режим мен әлемнің кейбір мемлекеттерінің мұсылман үмбетін нысанаға алғанына сілтеме жасап: "Вашингтон мұсылман үмбетін жоюды көздеп отыр",- деді.
Әл-Хуси АҚШ-тың аймақтың көзін жоюға бағытталған жоспарларға ие екендігіне сілтеме жасап: "Израиль мен Сауд Арабиясы арасында достық қатынастар орнап, Тель-Авив пен Абу Даби арасында үйлесімділік жұмыстары жасалуда",- деді.
Сонымен қатар, әл-Хуси Сауд әулеті режимі мен дұшпан зымырандарының йемендік балаларды нысанаға алғанын айтып: "АҚШ пен оның жандайшаптарының Йеменге дәлелсіз шабуылы бұл елдің мазлұмдығының дәлелі болып табылады",- деп мәлімдеді.