Ғасеми: Бахрейннің Иранға қарсы уәжі – негізсіз
Нау 27, 2017 22:00 Asia/Almaty
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрейн қайраткерлерінің анықталған бір лаңкестік топтың Иранмен байланысы туралы жаңа уәждерін негізсіз деп атады.
Бахрам Ғасеми Бахрейн үкіметіне қайталама айыптаулардың орнына бахрейндік азаматтардың құқығын қорғауға, басып-жаншу мен үлемдерді құрықтауды доғаруға және Бахрейн қоғамының барлық топтарына сөз бостандығын беруге кеңес беріп: «Бахрейн басшыларының Иран ислам республикасына қарсы жалған, негізсіз және бос уәждерін қайталауы таң қалдырады» деді.
Бахрейн ІІМ жексенбі күні лаңкестік деп атаған бір топтың мүшелерін құрықтағанын хабарлап, Иранға қарсы ескі айыптауларын жалғастырып, сол кісілерді Иранмен байланыста болған деген уәж айтты.
Тегтер