Бағдад америкалық базаларды Иракқа орналастыруға келісім бермеді
(last modified Wed, 29 Mar 2017 14:27:00 GMT )
Нау 29, 2017 20:27 Asia/Almaty
  • Бағдад америкалық базаларды Иракқа орналастыруға келісім бермеді

Ирактың Сыртқы істер министрі: «Ирак үкіметі америкалық әскери базаларды өз жеріне орналастыруды қабылдамайды» деп баса айтты.

Ирак Сыртқы істер министрі Ибрахим Жафари Лондонда шығатын «Asharq Al-Awsat» газетіне берген сұхбатында: «Бағдад тек америкалық әскери кеңесшілердің құзыры мен әскери білім беруіне ғана келісім беріп, америкалықтармен тек стратегиялық ортақ келісімшартты орындау туралы келіскен» деді. Жуырда Ирак премьер-министрі  Хайдер әл-Абади  Иракта ДАИШ лаңкестік тобының толығымен көзі жойылатының уақыты таяп қалғанын қуаттап: «Енді шетелдік күштердің, атап айтқанда осы салада Иракқа көмек көрсеткен америкалық әскерилердің осы елдегі санын қысқартатын кез келді» деген  болатын.

АҚШ 2011 жылы өзінің әскери күштерін Ирактан шығарды, бірақ 2014 жылы ДАИШ құрылған соң оларды тағы да Иракқа аттандырды. Қазір осы елде шамамен америкалық 5 000 әскери бар.

 

 

Тегтер