ДАИШ-тің Мосулдың батысына жасаған химиялық шабуылы залалсыздандырылды
Ирактың халықтық ерікті күштері тәкфіршіл ДАИШ тобының Мосулдың батысына химиялық улы заттармен жасаған шабуылын залалсыздандырды.
Иран Телерадио бірлестігінің AlEtejah телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ирак халқының ерікті күштері мен қарсыласу батальондары дүйсенбі күні ДАИШ-тің бірнеше лаңкесінінің Мосулдың батыс бөлігіне химиялық шабуыл жасау талпыныстарын жеңіліске ұшыратты.
Нейнавадағы амалдардың қолбасшысы Абдурашид Яралла: "Мосулдың батыс жағалауындағы әл-Ярмук аумағындағы Ирак күштері алдыңғы шептерде айтарлықтай деңгейде ілгері жылжып келеді",- деді.
2016 жылдың қазан айының он жетісінен, яғни Мосулды азат ету амалдары басталған кезден бастап бұл елде шамамен 2400 жарылыс оқиғасы тіркеліп, Мосулдан 200 мың адам қашып кеткен.