Сирия СІМ Трамптың қорлаушы сөздеріне реакция білдірді
(last modified Sat, 15 Apr 2017 08:43:55 GMT )
Сәу 15, 2017 14:43 Asia/Almaty
  • Сирия СІМ Трамптың қорлаушы сөздеріне реакция білдірді

Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары АҚШ президенті Дональд Трамптың осы елдің басшысы Башар Асадты қорлап, оған тіл тигізген әрекетін айыптады.

AlAlam ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Трамп Башар Асадты "хайуан" деп атаған.

Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Иман Сусан: "Ешбір адам басқаларды өзіне қатысты сипаттармен атамауы тиіс",- деп мәлімдеді.

Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары ресейлік «Новости» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Трампқа: "Егер сен өзің хайуан болсаң, басқаларды да өзің секілді хайуан деп есептемеуің қажет",- деді.

Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар әл-Джафари де Нью-Йорктегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін: "Мұндай мәлімдемелер ешқандай түсіндіруді қажет етпейді. Өкініштісі, осындай жауапкершіліксіз және арандатушылық мәлімдемелерді Батыстың ең маңызды мемлекетінен естіп отырмыз»,- деді.