ДАИШ өзінің бірнеше басшысын өлім жазасына кесті
Сәу 18, 2017 07:32 Asia/Almaty
ДАИШ лаңкестік тобы өзінің қауіпсіздік саласындағы басшыларын сатқындық жасау айыбымен өлім жазасына кесті.
Ирактық күштер осы лаңкестік топтың Мосул қаласының батыс жағалауындағы бір үйдегі отырыс өткізетін орнына әуе шабуылын жасаған соң ДАИШ осындай шараға барды. Мосулдің қауіпсіздік дереккөздерінің мәлімдеуінше, ирактық күштердің шабуылынан ДАИШ басшыларының көзі жойылған соң осы лаңкестік топ өзінің қауіпсіздік саласындағы 8 басшысына Мосул қаласындағы Ирак армиясына мәліметтер жеткізді деген айып таққан.
Тегтер