Иранның Ирактың лаңкестікке қарсы соғысқа көмектесуі заңға сәйкес іске асырылуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i26416
Ирактың халықтық ерікті күштері Әл-Хашд әл-Шаабидің баспасөз хатшысы Иранның аймақтағы саясатының толығымен айқын, әрі лаңкестікке қарсы соғыста Иранның заңға сәйкес көмек көрсетіп жатқанын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 24, 2017 14:56 Asia/Almaty
  • Иранның Ирактың лаңкестікке қарсы соғысқа көмектесуі заңға сәйкес іске асырылуда

Ирактың халықтық ерікті күштері Әл-Хашд әл-Шаабидің баспасөз хатшысы Иранның аймақтағы саясатының толығымен айқын, әрі лаңкестікке қарсы соғыста Иранның заңға сәйкес көмек көрсетіп жатқанын қуаттады.

ИРНА-ның жексенбі күнгі мәліметі бойынша,  Әл-Хашд әш-Шаабидің баспасөз хатшысы Ахмад әл-Асади Түркия Президентінің «Әл-Хашд әш-Шаабиді кім қолдайды» деген уәждеріне: «Ирак – халық сайлайтын органдарға ие демократиялық мемлекет. Сондықтан оның ішкі істеріне араласуға ешкімнің құқығы жоқ»,- деп жауап қайтарды.

Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған  жуырда Ирак билігін нысанаға алып: «Ирак Парламенті Әл-Хашд әш-Шааби тобына қатысты заңды бекіткенімен, бұл ұйым лаңкестік ұйым әрі басқа жерден қолдауға ие»,- деді.

Эрдоғанның бұл сөздері Ирак халқы, Ирак Сыртқы істер министрлігі, Премьер-министрі Хайдер әл-Абадидің кеңсесінің, ирактық партиялар мен тұлғаларының реакциясына ұшырады.