ДАИШ Изрильден бір қателігі үшін кешірім сұрады
Сәу 24, 2017 22:41 Asia/Almaty
Сионистік режимнің Соғыс министрі ДАИШ лаңкестерінің бір жолы Сирияның оңтүстігіндегі Голан жоталарында қателесіп, израильдік әскерилерді нысанаға алғаны үшін тез арада кешірім сұрағанын мәлімдеді.
Муше Яалон сионистік режимнің 10-шы арнасына берген сұхбатта «Израильге қарай атылатын оқтың көбісі ДАИШ тарапынан емес, Сирия армиясының қарамағындағы аймақтардан» деп мойындады. ДАИШ лаңкестері мұның алдында әлеуметтік желілерде Израильмен соғыспайтынын мәлімдеген болатын.
Тегтер