Иран мен Ирак денсаулық саласында ортақ бағдарламаларды жүзеге асырады
(last modified Wed, 26 Apr 2017 08:50:29 GMT )
Сәу 26, 2017 14:50 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак денсаулық саласында ортақ бағдарламаларды жүзеге асырады

Иранның Денсаулық министрі: «Иран шекаралас Иракпен жан-жақты қарым-қатынас орнатып, медицина, гигиена мен емдеу саласында көптеген ортақ жоба құрды»,- деді.

Иранның Денсаулық министрі Хасан Ғазизаде Хашеми Ирак астанасы Бағдад әуежайында       журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: «Иран мен Ирак әрқашан бір-бірінің тәжірибелерін пайдаланып келеді. Екі ел халықаралық қауымдастықтарда көптеген ынтымақтастықтарға ие»,- деді.

Иранның Денсаулық министрі Бағдад сапарында Ирактың Премьер-министрі және басқа басшыларымен кездесіп, сөйлесетіні туралы мәлімдеп: «Осы сапарда Бағдатта ИИР-ның дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтарының көрмесі ашылады»,- деп хабарлады. 

Иранның дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтарының көрмесі бүгін, сәрсенбі күні ашылады.

 

 

Тегтер