Таяу Шығыс - мұнай мен газ тұрғысынан маңызды аймақ
(last modified Sat, 06 May 2017 16:16:45 GMT )
Maм 06, 2017 22:16 Asia/Almaty
  • Таяу Шығыс - мұнай мен газ тұрғысынан маңызды аймақ

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Лариджани: «Таяу Шығыс аймағы түрлі елдерге көп әсерін тигізетін мұнай мен газ тұрғысынан маңызды аймақ» деді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні Теһранда мұнай, газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия саласы бойынша 22-ші халықаралық көрмеде Иранда орнатылған баянды қауіпсіздікке сілтеме жасап: «Қазіргі кезде Иранның бүгінгі жағдайы қауіпсіздік және қолдаулар тұрғысынан мұнай мен газ саласына инвестиция салу үшін тиімді» деді.

Лариджани аймақтағы күрделі жағдайға да сілтеме жасап: «Лаңкестік соңғы он жылдықта Таяу Шығыс аймағында етек жайып отыр. Алайда соңғы жылдары Иран ислам республикасы саясатының арқасында аймақтағы жағдай өзгеріп, халықаралық қауымдастық Иранның саясатын мойындады. Күрес және лаңкестерді басып-жаншуға қарамастан, аймақтағы кейбір елдердің әрекеттері салдарынан лаңкестер тақырыбы аймақтың басты тақырыбы болып отыр. Аймақта лаңкестердің құзыры азайған деп айтуға болмайды» деді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы аймақтағы, атап айтқанда Йемен мен Бахрейндегі кейбір кикілжіңдерге де сілтеме жасап: «Кез келген қателік аймақтың жалпы ахуалын қауіпсіздік тұрғысынан өзгерте алады» деді.