Халед Машаль отставкаға кетті
(last modified Sun, 07 May 2017 08:26:09 GMT )
Maм 07, 2017 14:26 Asia/Almaty
  • Халед Машаль отставкаға кетті

Палестиналық ақпарат көздерінің хабарлауынша, мамыр айының бесі күні өткен отырыста ХАМАС басшылары Халед Машальды ХАМАС-тың саяси бюро төрағасы қызметінен босатып, орнына Исмаил Ханияны тағайындады.

Халед Машальдың ХАМАС қозғалысы саяси бюросына төрағалық ету кезеңі 2016 жылдың соңында аяқталған болатын. Алайда ол ХАМАС қозғалысының ішкі сайлауы өткізілгенге дейін өз қызметін атқарып келді. Кейбір ақпарат көздері ХАМАС қозғалысының 2017 жылы мамыр айының алтысы күні өткізілуі тиіс ішкі сайлауы кезінде Халед Машальдың өз орнын Исмаил Ханияға беруі тиіс болғанын хабарлағанымен, бұл өзгерістің ХАМАС қозғалысының жаңа саяси құжатының жедел салдары екендігі айдан анық.

Палестина қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) жаңа саяси құжаты осы айдың бірінші жұлдызы жарияланды. Бұл құжатта босқындарды қайтару және Палестина басқыншылығымен күресу қажеттігі секілді Палестина халқы мен топтары қолдайтын оң бағыттағы бағдарлары, сондай-ақ алғаш рет тәуелсіз Палестинаны 1948 жылғы емес, 1967 жылғы шекараларымен құру мәселесі қарастырылғанымен, ХАМАС-тың "Израильді жою" туралы тұрақты бабы жойылған болатын.

ХАМАС қозғалысының жаңа саяси құжатындағы осы екі бапқа қатысты реакциялар құжатты қолдаушылардың ХАМАС-тағы позицияларының әлсіреп, олардың біртіндеп шетке ығыстырылатындығын білдіреді. Сыншылардың пікірінше, тіпті қаржылай мақсаттар мен экономикалық ресурстарға қол жеткізудің өзі ХАМАС-тың жаңа саяси құжатында Израильді жою туралы мәселенің алынып, сондай-ақ 1948 жылғы емес, 1967 жылғы шекараларды назарға алу себебін түсіндіре алмайды. Осыған байланысты, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы бас хатшсының орынбасары Зияд ән-Нахале кеше, мамыр айының алтысы күні: "1967 жылғы шекаралардағы тәуелсіз Палестина мемлекетін құру сәтсіздікке ұшырайды. Себебі, бұл шындыққа жанаспайтын мәселе",- деп қуаттады.

Айта кететін жайт, ХАМАС қозғалысының жаңа саяси құжаты «Фатх» қозғалысының басып алынған жерлерде екі мемлекет құру туралы бағдарламасымен бағыттас болғандай секілді. Бұл Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы бас хатшысының орынбасары Зияд ән-Нахаленің бұл жобаның қарсыласу майданында қару-жарақ қолдануды қолдаушылардың сезімдеріне қатты соққы және оның «Фатх» қозғалысының екі үкімет құру жоспарының аясында екені туралы мәселені көтеріп: "Тіпті, бір палестиналық қана өмір сүріп жатса да, екі үкімет құру немесе Палестина үкіметінің 1967 жылдағы шекараларын шектеу туралы шешімді қабылдамаймын. ХАМАС-тың бұл жоспары ұлттық келісім не консенсуске қайшы келеді",- деп айтқан жағдайда орын алып отыр.

ХАМАС-тың жаңа саяси құжатына қатысты сындардың артуы ХАМАС-тың саяси бюросының төрағасы қызметіндегі Халед Машальды Исмаил Ханиямен алмастыруына себеп болды. Шынтуайтында, ХАМАС саяси бюросындағы бұл өзгерісті осы саяси қозғалыстың жаңа саяси құжатының жедел әрі маңызды салдары екенін, сонымен қоса ХАМАС-тағы ымыраға келуді демеушілерінің шетке ығыстырылатыны туралы көзқарасты растап отыр. Қазіргі жағдайда бұл өзгеріс ХАМАС Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының Израильмен ымыраға келу немесе оған кез келген жұмсақтық танытуды қабылдамауымен қоса қарсыласу стратегиясын жалғастыру қажеттігін қуаттайтынын білдіреді.