Башар Асад: Сирия армиясы өзінің құдыретін қайтарды
Сирия Президенті Ливан басшыларымен кездесуінде: «Сириядағы атысты тоқтату шаралары уақытша емес, Сирия армиясы өз құдыретін қайтарып, Хизболла мен Ресейдің қолдауына ие болып отыр»,- деді.
«Әл-Әламның» дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, Ливанның «Әд-Диар» газеті: «Сирия Президенті Башар Асад кездесуде сондай-ақ «Сирияның лаңкестер мен такфиршілерден шынайы азат ету жобасы Сирияға аймақтық рөлін қайтаруды қарастырады» деді»,- деп жазды. Башар Асад егер алдағы екі жылда Сирияны азат етпесе, отставкаға кететіні туралы баяндап: «Сирия лаңкестіктен құтылады»,- деп баса айтты. Ол Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанмен татуласпағанына сілтеме жасап: «Өйткені, ол Сирия халқы қырылуының себебі болды. Бірақ, Сауд Арабиясы қатты өкінеді»,- деді.
Сирия Президенті Ресейдің Газпром компаниясымен Сирия жағалауында газ өндіру туралы келісімге қол қойылғанын хабарлады.