Зарифтың Ханиені құттықтауы – Иранның Палестина қарсыласуын қолдайтынын қуаттауы
(last modified Wed, 10 May 2017 08:34:25 GMT )
Maм 10, 2017 14:34 Asia/Almaty
  • Зарифтың Ханиені құттықтауы – Иранның Палестина қарсыласуын қолдайтынын қуаттауы

ИИР Сыртқы істер министрі Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) саяси бюросының жаңа басшысына жолдаған құттықтауында Иранның Палестина халқының қарсыласуын қолдауды жалғастыратынын қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні ХАМАС қозғалысының саяси бюросының жаңа басшысы Исмаил Ханиені осы лауазымға сайлануымен құттықтап:

«Хание Алланың көмегімен қарсыласудың тәжірибесін пайдаланып, Палестина мен қарсыласудын басқа жауынгерлерінің  қасында ислам әлемінің бірлігін нысанаға алып, іріткі салып, Палестина мен Құдстың армандарын ұмыттырып, исламдық үмбет перзенттерінің қарсыласу жолын сәтсіздікке ұшыратқысы келген сионистік режим мен оның одақтастарының қоқан-лоққыларын нәтижесіз қалдыра алады»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі  Иранның Палестина халқының басып-жаншылудан босап, қарсыласудың барлық шәһидтерінің ерлігін ұмытпау жолында Алладан Ислами Ханиені табысқа жеткізуді  сұрады.

ХАМАС басшылары өткен жұма күні Исламил Ханиені ХАМАС-тың саяси бюросының жаңа басшысы етіп сайлады.