Сирия Женева келіссөздері қарсаңында
https://itolqyn.com/news/west_asia-i2692-Сирия_Женева_келіссөздері_қарсаңында
Сирия Сыртқы істер министрі Валид Муаллем кеше 12- ші наурызда Стэффан де Мистураның жаңа мәлімдемелерін сынап, Сирия үкіметінің атыс тоқтатуға берік екендігін қуаттап, Сирия үкіметінің делегациясының Женева бейбітшілік келіссөздерінің отырыстарына қатысатынын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 13, 2016 19:22 Asia/Almaty
  • Сирия Женева келіссөздері қарсаңында

Сирия Сыртқы істер министрі Валид Муаллем кеше 12- ші наурызда Стэффан де Мистураның жаңа мәлімдемелерін сынап, Сирия үкіметінің атыс тоқтатуға берік екендігін қуаттап, Сирия үкіметінің делегациясының Женева бейбітшілік келіссөздерінің отырыстарына қатысатынын мәлімдеді.

Сирия бейбітшілік келіссөздері 14- ші наурыз дүйсенбі күні Швейцарияның Женева қаласында БҰҰ- ның Сирия ісі бойынша өкілі Стэффан де Мистураның қадағалауымен өтуі тиіс. Осы келіссөздерде Сирия үкіметінің делегациясы және қарсылас топтардың өкілдері сұхбаттасады. Бұдан бұрын осы келіссөздер 2016 жылы 25- ші ақпанда өтуі тиіс болған. Алайда қарсыластардың көзқарас айырмашылығы салдарынан келіссөздерді Стэффан де Мистура кейінге қалдырды.

Женева келіссөздері туралы маңызды жайт, Сирия үкіметі әрдайым осы келіссөздерге қатысуға дайын болған. Келіссөздердің кейінге қалдырылуы Сирия жүйесіне қарсыластар арасындағы қатаң келіспеушіліктен туындап отыр. Сирия үкіметі шағын топтармен келіссөз өткізудің нәтижесіз екенін және осы елдегі дағдарыс үшін пайдалы нәтиже беру үшін Сирия жүйесімен қарсыластардың ең үлкен тобымен келіссөз жүргізу керектігін мәлімдеген. Осы ұстаным Сирия үкіметінің жүздеген мың адамның өлімі мен жаралануына, миллиондаған адамның босқындап кетуіне және Сирия инфрақұрылымдарының едәуір бөлігінің жойылуына соқтырған осы елдегі 5 жылға созылған дағдарысты доғаруға ішкі және сыртқы кез келген ойыншыдан көбірек әзір екенін көрсетеді.

Женева келіссөздерінің басталуына бір- ақ күн қалды. Стэффан де Мистура 11- ші наурызда Сирияда президенттік және парламенттік сайлау өткізудің уақыты туралы пікір білдіріп, осы сайлаулар алдағы 18 айдың ішінде өткізіледі деп мәлімдеген болатын.

Де Мистураның осы мәлімдемесі Валид Муаллемді бей-жай қалдырмады. Сирия Сыртқы істер министрі «Де Мистураның келіссөздер үшін жұмыс кестесін алға тартуға, тіпті сайлаулардың уақытын белгілеуге хақысы жоқ. Сайлаудың уақытын белгілеу хақысы тек Сирия халқына ғана тиесілі» деді.

Женева келіссөздері мынадай жағдайда бір күннен кейін өткізілгелі отыр: бір жақтан АҚШ Сирия дағдарысының әскери емес, саяси шешім жолы бар деп жарияласа, екінші жағынан келіссөздердің бұрынғы кезеңі сияқты әлі де Сирия жүйесімен қарсылас топтар арасында шынайы келіспеушіліктер бар. Сауд Арабиясы мен Түркия сияқты ойыншылар да осы келіссөздер үшін ой тұрғысынан жеткілікті түрде дайын емес.

Осы жағдайларға қарап, егер соңғы айларда Ресей, АҚШ, Иран ислам республикасының үкіметтері мен Сирия жүйесі тарапынан Сириядағы дағдарысты бәсеңдетуге бейімділік туралы оң белгілер көрінгенімен, алдағы келіссөздерден өткендегілерден жақсырақ жетістік күтуге болмайтын сыңайлы. Қалай болғанда да қарсылас топтар мен Сирия жүйесі арасында сұхбаттасуға жағдайдың жасалуының өзі Сирия дағдарысы үшін алға қадам басушылық саналады.