Әл-Хашд әш-Шағби ДАИШ-тың шабуылын залалсыздандырды
Maм 13, 2017 22:45 Asia/Almaty
Ирактың халықтық ерікті күш құрылымының соғыс насихаттары штабы: «Әл- Хашд әш- Шағби бір іс-қимыл барысында лаңкестердің бомба орнатылған 10 көлігін Мосулде нысанаға жетпес бұрын жарып жіберді. Қалған лаңкестер де қақтығыс орнынан қашып кетті» деп мәлімдеді.
Ирактың халықтық ерікті күш құрылымының соғыс насихаттары штабының мәлімдеуінше, лаңкестердің шабуыл ұйымдастырудағы мақсаты әл-Хашд әш-Шағби күштерінің Талафардың батысының Ғирван аймағындағы амалдарының лаңкестерге қысымын азайту болып табылады. Мәліметтер бойынша әл- Хашд әш-Шағби күштері бүгін Ғирван аймағында өзге төрт ауылды ДАИШ лаңкестерінің басқыншылығынан азат етті.
Тегтер