Йеменнің Денсаулық сақтау жүйесі тырысқақ ауруымен күресе алмайды
Maм 15, 2017 14:21 Asia/Almaty
Йеменнің Денсаулық сақтау министрі бұл елдің емдеу жүйесінің тырысқақ ауруының таралуымен күресуге шамасы келмейтінін айтып, БҰҰ-нан Сана әуежайының қоршауын бұзып, Йеменге дәрі-дәрмек жеткізілуі үшін әуежайды ашуда әріптестік жасауды сұрады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад бин Хафиз жексенбі күні кешке тырысқақ ауруына шалдыққан йемендіктердің 8595 адамнан асқанын мәлімдеп, БҰҰ-нан Йеменге бұл аурумен күресте көмек көрсетуін сұрады.
Халықаралық Қызыл крест ұйымы жексенбі күні тырысқақ ауруының таралуы салдарынан Йеменде кемінде 115 адамның қаза болғанын хабарлады.
Тегтер