Рияд отырысы – сионистік астыртын әрекет
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми АҚШ президентінің эр-Риядтағы араб-америкалық отырысқа қатысу үшін Сауд Арабиясына жоспарлап отырған сапарына сілтеме жасап, сол отырыстың өткізілуін сионистік астыртын әрекет деп атады.
Сауд Арабиясының патшасы Салман Бин Абдолазиз жақында 17 елдің басшысын мамырдың 23 күні Сауд Арабиясына сапармен келетін АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін эр-Риядқа келуге шақырды.
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күнгі ақпарат отырыстында Дональд Трамптың араб-америкалық отырысқа қатысу үшін Сауд Арабиясына жоспарлап отырған сапары туралы: «Бұл тақырып сионистік астыртын әрекет болып табылады. Сауд Арабиясы Тель-Авивпен қарым-қатынасына байланысты осы отырысты басқаша атап, байланыстарын бүркемелеуге тырысуда.
Ішкі қиыншылықтар, Йеменге шабуыл жасау мен билік ішіндегі оқшаулануды сезіну Сауд Арабиясын араб- америкалық отырыс өткізуге итермелеп отыр. Сауд Арабиясының аймақтағы соңғы шараларына байланысты эр-Рияд осындай отырыста өзінің лаңкестікті таратуы туралы сөздерді азайтуға күш салып отыр» деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы сионистік режимнің қамауында отырған палестиналық тұтқындардың аянышты жағдайы туралы айтып: «Бұл сионистік режимнің жабайы сипатын көрсетеді. Зұлымдық жойылғанша қарсыласу түрлі формада жалғасатын болады» деді.