Ирактық күштер Мосулдегі ДАИШ- тың ең үлкен химиялық қару кәсіпорнына ие болды
Ирактық күштер Мосулдің батысында қалған аймақтарда жедел алға жылжып, "17-ші тамыз" аймағында ДАИШ тобы лаңкестерінің химиялық қару жасайтын ең үлкен кәсіпорнын өз қарамағына өткізді.
Ирактық «Al Sumaria News» торабының хабарлауынша, Ирактың федералды полициясының қолбасшысы Шакер Джудат мәлімдеме жариялап: «Жедел қимыл күштері бүгін, дүйсенбі күні таңертең ДАИШ-тың химиялық қару жасайтын ең үлкен кәсіпорнын өз қарамағына өткізумен қоса, Мосулдің батысында "17- ші тамыз" аймағында ондаған мина мен бомбаны залалсыздандырды.
Ирактың федералды полициясының күштері де "әл-Иқтисадин" және "17-ші тамыз" аймағының жартысын ДАИШ-тың басқыншылығынан азат етіп, әскери емес бейбіт тұрғындарды Мосул қаласының солтүстік аймақтарына көшірді» деді.
Ирактық әскери басшылардың айтуынша, қазірге дейін Мосул қаласының 90 пайызы ДАИШ лаңкестерінің басқыншылығынан азат етілген. Ирактың Қорғаныс министрлігі мүбәрак рамазан айына дейін Мосулды толығымен азат етуге сөз берді.