Башар Асад аймақты бөлу жобаларымен күресу қажеттігін қуаттады
Сирия Президенті Дамаскта араб тұлғалары делегациясымен кездесуінде аймақты бөлу жобаларымен күресу қажеттігін қуаттады.
Сирия ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Сирия Президенті Башар Асад осы кездесуде: «Армияның жанқиярлығы болмағанда, Сирия осы жылдары ешқандай табандылық пен төзімділік таныта алмаған болар еді»,-деді.
Осы мәлімет бойынша, араб делегациясының мүшелері кездесуде Сирияға қарсы шабуылдарда осы елдің қасынан табылу қажеттігін қуаттап, Сирияны қолдауды Палестинаның мақсаттарын қолдаумен бірдей деп атады.
Араб делегациясының мүшелері, сондай-ақ, Сирияның терроризм мен барлық жобалар мен қастандықтарды жеңетінінің шүбәсіз екенін айтып, бұл жеңісті араб әлеміндегі оң стратегиялық өзгерістердің бастамасы болады деп бағалады.