Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері Халифе әулетінің шараларын айыптады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері Бахрейн режимінің көрнекті дінбасы шейх Иса Ғасемге қарсы қылмысын айыптады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Халифе әулеті режимінің шейх Иса Ғасемге қарсы жалған уәждер негізделген іріткі салушы шарасы мен зұлымдық сипаттағы үкімі АҚШ Президентінің аймаққа сапарымен бір мезгілде АҚШ және Ұлыбританияның рұқсатымен, сондай-ақ саудиялық басшылардың басқаруымен орын алды»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері Бахрейн халқына өз азаттығы мен заңды құқықтарын алу жолында қолдау көрсетіп, Халифе әулеті режиміне: «Бахрейнде дінге қарсы саясаттарды жалғастырып, халықтың заңды талаптарына немқұрайды қараудың күтпеген нәтижелері болады»,-деп ескертті.
Халифе әулеті режимінің күштері сейсенбі күні шейх Иса Ғасем тұратын әд-Дераз ауданына шабуыл жасады. Соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланып, 300-ге жуық адам қамауға алынды.