Иран Сирия дағдарысының саяси шешім жолын қарастыруда
ИРИ Сыртқы істер министрі Зариф Сауд Арабиясына керісінше Иранның Сирия дағдарысының саяси шешім жолын қарастырып жатқанын баса айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф америкалық The New York Times газетіндегі мақалада АҚШ президенті Дональд Трамптың Риядқа сапары мен Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың құны 110 миллиард долларлық қару-жарақ жөніндегі келісімге қол қоюына сілтеме жасап: "Бұл келісім Вашингтонның мойнындағы жауапкершілікті азайтпайды. АҚШ айтып отырғандай, Сауд Арабиясының ұзақ мерзімді қауіпсіздігіне еш көмек көрсетпейді",- деп жазды.
Зариф саудиялықтардың бұл келісімнің ақшасын төлей алмайтындығына тоқталып: "Трамп Иранның көршісін (Сауд Арабиясын) бопсалауда.
Сауд Арабиясы әлемдік қауымдастықтың қоғамдық пікірін Карачиден Манчестрге дейінгі Әл-Каида, ДАИШ және кез-келген лаңкестік топтың әсірешіл идеологиясынан бұрмалау мақсатында Ираннан үркіту көзқарасын таратуға миллиондаған доллар жұмсап жатқанда ИРИ Ирак пен Сириядағы әсірешілдіктің құрбандарына көмектесіп отыр",- деп баса айтты.