Саудиялықтардың АҚШ-қа иек артуының нәтижесі болмайды
(last modified Mon, 29 May 2017 10:04:10 GMT )
Maм 29, 2017 16:04 Asia/Almaty
  • Саудиялықтардың АҚШ-қа иек артуының нәтижесі болмайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Хосейн Амир Абдоллаһиан: "Сауд және Халифе әулеттері режимдерінің АҚШ-қа иек артуы олар үшін еш нәтиже бермейді",- деп баса айтты.

Хосейн Амир Абдоллаһиан жексенбі күні Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) Теһрандағы кеңсесінің басшысы Халед Қадумимен кездесуінде Иранның Палестинаның мазлұм халқына жан-жақты қолдау көрсетуінің жалғасатынын баса айтып: "Палестинаның ақырғы жеңісі мен табысының құпиясы палестиналық топтардың бірлігі мен қарсыласуында. Ливан "Хезболласы", ХАМАС және Палестинаның исламдық джиһады сионистік режимнің ұйқысын ұрлады",- деді.

Хосейн Амир Абдоллаһиан сионистік режимнің аймақтағы жасырын әрекеттеріне сілтеме жасап: "Израиль режимінің кейбір араб елдерімен қарым-қатынастарын қалпына келтірудегі талпынысы жүзеге аспайды. Құдс әлем мұсылмандарының алғашқы құбыласы болып қала бермек",- деп сөзін қуаттады.

ХАМАС-тың Теһрандағы кеңсесінің басшысы Халед Қадуми сол кездесуде ХАМАС-тың жаңа саяси құжатын ұсынудағы өзінің бұрынғы қағидаларынан артқа шегінбегендігіне тоқталып: "ХАМАС-тың жаңа саяси құжатында Палестинаның "теңізден өзенге дейінгі" территориялық тұтастығының сақталуы, Құдсты басып алған режимді мойындамау, Құдсты мұсылмандардың алғашқы құбыласы ретінде мойындау және барлық палестиналық босқындар мен мигранттардың елге оралу қажеттігі қуатталған",- деп мәлімдеді.