Иран, Оман, Кувейт және Қатардың қарым-қатынастарының артуы Риядтың қалауынан тысқары
Иранға қарсы коалиция құру мақсатында Риядта өткен насихаттық АҚШ-араб отырысынан шамамен он күн өткен кезде Оман Сыртқы істер министрі Масқат пен Теһран қарым-қатынастарын достық негіздерге сүйенеді деп бағалап: «Аймақтың кейбір оқиғалары Оман мен Иранның қарым-қатынастарына әсерін тигізе алмайды»,- деді.
Оман Сыртқы істер министрінің ұстанымы, Қатар Әмірі шейх Хамад бин Халифа Ал Танидің жуырдағы сөздері және оның Рияд отырысынан кейін ИИР Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесуі Сауд Арабиясының аймақтағы саяси және дұшпандық талпыныстары, соның ішінде басқа арабтарды Иранға қарсы біріктіру әрекеті аймақта баршаның қолдауына ие болмады. Қатар Әмірі шейх Хамад бин Халифа Ал Тани Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлескенде: «Қатар Иранмен қарым-қатынастарын одан әрі кеңейту үшін еш кедергі жоқ санайды»,- деді.
Кувейттің Иранмен достық қарым-қатынас орнату туралы оң көзқарасымен бірге Оман мен Қатардың қисынды ұстанымдары сындарлы ынтымақтастық пен жақындасуды аймақ мәселелері мен кейбір түсінбеушіліктерді шешетін жалғыз жол санайтын аймақ ойыншыларының кемеңгерлігін көрсетеді.
ИИР сан рет Парсы шығанағы елдерімен сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруды өзінің сыртқы саясатының негізі деп жариялады. Бұл мәселе Иран Президенті мен Қатар Әмірінің телефон арқылы орын алған жуырдағы сұхбатында қуатталды. Иран әрқашан тайпалық көзқарастан алыстап, ұжымдық ынтымақтастық орнатуды Иран мен арабтардың арасындағы басты мәселе санап, ынтымақтастықтың бұл түрін аймақтағы қауіпсіздік пен екіжақты мүдделерді қамтамасыз етеді деп қуаттайды. Кейбір мемлекеттердің өз әрекеттерін ақтауға талпыныс жасап, аймақта болжамды дұшпанды ойдан шығаруы немесе Ираннан үркіту саясатын жүргізуі Таяу Шығыстың мүддесіне емес. Бұл саясатты жалғастыру мемлекеттерді екі топқа бөліп, тек ислам әлемінің дұшпандары үшін пайда келтіреді.
2017-ші жылдың мамыр айының 21 күнгі АҚШ Президенті Дональд Трамптың Риядта Ираннан үркіту мақсатын алға ілгерілету саласындағы кейбір араб және исламдық елдер басшыларымен кездесуі Иран аймақтағы такфиршіл лаңкестікпен күресудің алғашқы шебінде тұрған жағдайда өтті. Бұл отырыс саяси, содан кейін экономикалық мүдделерге жету мақсаттарын көздеп өтті. Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың 110 миллиард долларлық әскери келісімге қол қоюы – Рияд отырысының нәтижесі. Вашингтон Ираннан үркіту саясатының аясында саудиялық долларларды қолына түсіріп, АҚШ-тың қару шығаратын зауттарының жұмысын жаңдандырып, жұмыс орындарын ашуда. Бұл саясат аймақ елдерінің мүддесіне емес. Тек арабтар мен Иранның АҚШ сынды дұшпандары өз мақсаттарымен Сауд басшыларын өз бақылауында ұстауда.
Аймақ өзгерістеріне қисынды ұстаным білдіру Иран, Оман, Кувейт және Қатар сынды елдердің қалауы. Бұл ұстанымның аясында ұжымдық ынтымақтастық және аймақ мәселелерін шешуге талпыныс жасау бейбітшілік пен тұрақты қауіпсіздіктің орнатылуына себеп болады.