Палестина мәселесі – Ислам қоғамдары арасында бірлік тудырудың өзегі
(last modified Wed, 31 May 2017 01:40:26 GMT )
Maм 31, 2017 07:40 Asia/Almaty
  • Палестина мәселесі – Ислам қоғамдары арасында  бірлік тудырудың өзегі

Ирандағы Интифаза мен Құдс штабының басшысы Палестина мәселесі мен сионистік режиммен күресуді Ислам қоғамдары арасында бірлік тудырудың өзегі деп санайды.

Интифаза мен Құдс штабының басшысы сардар Рамазан Шариф Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасында (23 маусым) Дүниежүзілік Құдс күнін өткізу бағдарламасын жасау штабының алғашқы отырысында Дүниежүзілік Құдс күнін ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р.) Палестинаның жәбір көрген халқын қорғау жолындағы құнды естелігі мен стратегиялық мұрасы ретінде еске алып:

«Әлемдік үстемшілдер мен халықаралық сионизмнің қоғамдық пікірді сионистердің қылмыстарынан бұрмалауға бағытталған ауқымды талпыныстарына қарамастан, Палестина бұрынғыдай ислам әлемінің өзекті мәселесі болып отыр.   

1979 жылғы Ислам революциясының жеңісінен бүгінге дейін Иран Дүниежүзілік Құдс күні басқыншы сионистердің  зорлық-зомбылығына төзіп келе жатқан  Палестинаның жәбір көрген халқына қатысты істі еске түсіріп, қайта қарайды»,-деді.

Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р.) бастамасымен Дүниежүзілік Құдс күні деп аталған.