Имам Хомейни (ғ.с) ливандықтарға ұлылық пен ғиззаттың мағынасын түсіндірді
Ливанның "Хезбола" партиясы бас хатшысының орынбасары ИРИ-ның негізін қалаушы ұлы имам Хомейнидің (ғ.с) ойы мен жолының Ливандағы қарсыласу қозғалысының пайда болуына тигізген әсеріне тоқталып: "Имам Хомейни (ғ.с) ливандықтарға ұлылық, ғиззат пен руханилықтың мағынасын үйретті",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шейх Наим Қасем жұма күні кешке имам Хомейнидің (ғ.с) қаза болғанының жиырма сегізінші жылдығына байланысты Иранның Ливандағы елшілігі тарапынан ұйымдастырылған рәсім кезінде: "Имам Хомейни (ғ.с) тәуелділіктен тәуелсіздікке, жеңілістен қарсыласуға бағытталған өзгеріс үдерісінде аймақ деңгейінде іргелі секіріс жасады",- деді.
Шейх Наим Қасем имам Хомейнидің (ғ.с) ливандықтарды дін жолында беріктікке үйретіп, бірлік пен қарсыласу жолын жалғастыруға ынталандырғанын айтып: "Имам Хомейни (ғ.с) ливандықтарға өз жерлерін азат етуге көмектесті.
Имам Хомейни (ғ.с) халық пен билеушілердің екі түрін масқаралады: бірі – дүние мен мал-мүлікті көздеген озбыр билеуші; екіншісі діннің атын жамылып, соған қарсы әрекет жасайтын үлемдер",- деді.