ДАИШ лаңкестері Ирактың Мосул қаласынан Сирияның шекарасына қарай шегінді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i27734
Ирактың «Бадр» ұйымының бас хатшысы: «ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері Ирактың солтүстігіндегі Мосулдың көптеген аудандарынан Сирияның шекарасына қарай шегінді»,-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 05, 2017 15:16 Asia/Almaty
  • ДАИШ лаңкестері Ирактың Мосул қаласынан Сирияның шекарасына қарай шегінді

Ирактың «Бадр» ұйымының бас хатшысы: «ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері Ирактың солтүстігіндегі Мосулдың көптеген аудандарынан Сирияның шекарасына қарай шегінді»,-деп хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Бадр» ұйымының бас хатшысы әрі Ирактың халықтық күштерінің (әл-Хашд әш-Шааби) жоғары деңгейлі қолбасшыларының бірі Хади әл-Амери жексенбі күні: «ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері Мосулдың батысындағы әл-Баадж ауданы, Санджар мен әл-Баадждың арасындағы Рабеттің шығыс ауылдарынан ауқымды түрде кері шегініп, Сирияның шекарасына қарай қашты»,-деді.

Ирактың федералдық полициясы: «Ирак армиясы Мосулдың батыс бөлігіндегі әз-Зәнджили мен әш-Шафа аудандарының 60 пайызын өз бақылауына алды»,-деп хабарлады.

Сол операцияларда ДАИШ-тың 23 мүшесі өлтірілді.

Ирактың халықтық күштері Мосулды ДАИШ-тың қолынан азат ету операцияларын жалғастыру барысында Сирия шекарасына 17 км қашықтыққа дейін жетті.