Парсы шығанағының оңтүстігіндегі көршілес елдер тыныштық орнатуға талпыныс жасауы керек
(last modified Tue, 06 Jun 2017 07:14:51 GMT )
Маусым 06, 2017 13:14 Asia/Almaty
  • Парсы шығанағының оңтүстігіндегі көршілес елдер тыныштық орнатуға талпыныс жасауы керек

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қасеми: «ИИР Парсы шығанағының оңтүстігіндегі көршілес елдерден аймақтың ащы тәжірибесінен сабақ алып, қызбалық танытпай, ақыл мен сабыр сақтап, қайшылықтарды азайтып, тыныштыққа оралу жолына түсуді сұрайды»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Қасеми дүйсенбі күні Парсы шығанағының оңтүстігіндегі кейбір көршілес елдердің арасындағы қайшылықтарға тоқталып, жуырда орын алған оқиғаларға алаңдаушылық танытып, мәселенің шешілуіне үміт білдіріп: «Аймақ пен әлем лаңкестік пен экстремизм және сионистік режимнің Палестинаны басып алуын жалғастыруы сынды дағдарыстармен бетпе-бет келіп отырған жағдайда екі шекаралас мемлекеттің қарым-қатынастарындағы қайшылықтың артуы аймақтың ешбір үкіметі мен халқына пайда әкелмейді, керісінше баршаның  мүддесіне қауіп-қатер тудырады. Аймақ мемлекеттерінің, соның ішінде Қатармен шекаралас үш мемлекет арасындағы қайшылықтары тек саяси әрі бейбіт үдеріс, айқын әрі нақты келіссөздер арқылы ғана шешіледі»,- деді.