Қатар мен төрт араб мемлекетінің қарым-қатынасындағы шиеленіс артуда
Қатар Премьер-министрінің кеңсесі төрт араб үкіметінің Дохамен қарым-қатынастарын үзуін келісілген шешім деп атады.
Қатар Премьер-министрінің кеңсесі дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Бахрейн, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігінің Қатармен қарым-қатынастарын үзу туралы шешімдері алдын ала келісілген әрекет. Ақпарат соғысы үшін жағдай әзірленген болатын. Бұл шешім Қатарды өзінің ұлттық шешімдерінен артқа шегіндіру мақсатында осы елге қысым жасау үшін қабылданып отыр. Мысырмен үйлестіріліп, Бахрейн, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігінің Қатармен қарым-қатынастарын үзу туралы қабылдап отырған шешімдері – Қатарды өздерінің бақылауына алу мақсатындағы талпыныс»,- деді.
Сондай-ақ, Қатар мен аймақ үкіметтері арасындағы дипломатиялық дағдарыстың бірінші салдары Біріккен Араб Әмірлігі мен Сауд Арабиясының Қатарға қант экспортын тоқтатуы болды.
Кувейт Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер әл-Сабах Қатар Әмірінен бүгін сейсенбі күнгі қазіргі дағдарыс туралы сөзін кейінге қалдыруды сұрады.
Қатар Сыртқы істер министрі Мұхаммад бен Абдурахман бен Джасем әл-Сани өз елі мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты өте шиеленісті деп атады.