Сауд Арабиясының саясаты – аймақта қайшылық тудыру
(last modified Tue, 06 Jun 2017 08:55:34 GMT )
Маусым 06, 2017 14:55 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының саясаты – аймақта қайшылық тудыру

Сауд Арабиясы мәлімдеме жариялап, Қатармен арадағы саяси қарым-қатынасын үзгенін хабарлап, ИИР-на қарсы уәждері мен айыптауларын баяндады. Сауд Арабиясының мәлімдемесінде Қатар Сауд Арабиясының шығыс облысы мен Бахрейндегі топтарды қолдайды деп айыпталды.

Сауд Арабиясының мәлімдемесінде бұл топтар «Иран қолдайтын лаңкестік топтар» деп аталып,  Риядтың уәждері бойынша, олар «Сауд Арабиясының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді  көздеуде». Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі мен Мысыр да «Қатар лаңкестікті қолдайды және олардың ұлттық қауіпсіздігіне араласады» деген уәждерімен бұл елмен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзді. Мұндай айыптаулардың көптеген мақсаттары мен себептері болуы мүмкін. Мәселен, себептерінің бірі Сауд Арабиясының Бахрейндегі қисынсыз әскери араласуын ақтау, сондай-ақ тек Йеменді ғана емес, аймақтағы Біріккен Араб Әмірлігі  мен Қатар сынды басқа араб елдерін көптеген дағдарыстарға тіреген Йемендегі нәтижесіз соғыстың жалғасуын қорғауы саналады. Сауд Арабиясы Бахрейндегі араласуын дос мемлекет (Бахрейнді) Қатар қолдаған лаңкестік топтардың шабуылынан қорғау деп атады. Негізінде Бахрейнде бұл елдің халқының заңды талап-тілектері басып-жаншылып, қантөгіс орын алуда. Рияд өз қателігін Йеменде де қайталап,  бұл елдің халқын апат пен соғысқа тіреді.

Сауд Арабиясы тіпті өзінің ішкі мәселесінде де  өз халқының заңды тілектеріне темір жұдырықпен жауап беріп, басып-жаншып, қамап, сол елдің әйгілі діни азаматы шейх Нимрге өлім жазасын іске асырып,  жағдайды қалыпқа келтіріп, халықтың наразы дауысын өшіруді ойлады. Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі елдері арасындағы қарым-қатынастар осы қате ой-пікірлер шеңберінде орнатылуда.

Сауд Арабиясы Қатар сынды көршілес елдерді  мұнай долларларын Риядтың қисынсыз шешімдеріне жұмсауға мәжбүрлей алмайтыны туралы ақиқатты қабылдауы керек. Сауд Арабиясының шешімдеріне қарсылық білдіру Риядтың қателіктерінің нәтижесі. Негізінде, Қатардың ұстанымы – Сауд Арабиясынан  алыстау және олардың арасындағы алауыздықтың белгісі. Оман да Риядтың саясаттарын сынады. Бірақ, Сауд Арабиясы бұл қарсылықтарды басқаша сараптады. Сауд Арабиясының Ирак пен Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобын қолдауы сәтсіздікке ұшырап, Йеменге қарсы шабуылы да нәтиже бермеген соң,  Риядтың аймақта жаңа жобаны іске асыруды көздеп отырғаны анықталды. Бұл мәселе Трамптың бұл елге жасаған сапары және жүз миллиардтан артық долларға қару сатып алу келісіміне қол қойылғаннан кейін расталды.

Сауд Арабиясының басшылары АҚШ Президенті Дональд Трамптың Риадқа жасаған сапарында Иранды лаңкестікті қолдайды және аймақтағы тұрақсыздыққа себеп болуда деп айыптап, аймақты қайшылықтарға тірегісі келетінін көрсетті. Бұрын Қатар бұл қателіктердің көбінде Сауд Арабиясымен бірге болды, бірақ соңында Рияд пен Доханың қайшылықтары бақылаудан шықты. Қалай болғанда да бұл мәселе АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясының тікелей араласуынан туындап отыр. Дәл осы кезде сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяхудің «Араб үкіметтері енді Израильге дұшпан деп қарамайды» деген сөздері жасырын ағымның белгісі. Бұл сөздер сионистік режимнің аймақта қайшылық тудыру арманының Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың көмегімен іске асырылып отырғанын көрсетеді.