Катар араб елдерімен дағдарысты шешу үшін арағайындық әрекеттерді қабылдауға келісті
Катардың Сыртқы істер министрі: "Доха араб елдерімен текетіресті азайту мақсатында арағайындық жасауға бағытталған талпыныстарды қабылдауға келісті" деді.
Катардың Сыртқы істер министрі Мұхаммад бен Абдурахман ал-Тани сейсенбі күні келіспеушіліктерді сұхбаттасу арқылы шешу жолына тоқталып, Доханың бұл келіспеушіліктерді күшейте түсетін іс-әрекеттерге қарсы екенін айтып:
"Катардың әмірі Тамим бен Хамад ал-Тани Кувейт әмірі шейх Сабах әл-Ахмед әл-Джаббер әс-Сабахпен сұхбаттан кейін осы аймақтық дағдарысты шешу үшін Кувейттің арағайындық етуіне жағдай тудыру үшін өзінің ел алдында баяндама жасауын кейінге қалдырды" деді.
Катар әмірі мен Кувейт әмірі кеше кешке телефон арқылы сұхбаттасып, Кувейттің Доханың араб елдерінің істеріне реакция ретінде шиеленіс тудыратын саясаттардан бас тартуын сұрады.
Кувейт әмірі бірнеше араб елінің Кувейтпен арадағы мәселелерін шешу үшін Арабстанға аттанды. Одан кейін Кувейт әмірі Катарға сапар шегеді.
Арабстан дүйсенбі күні БАӘ, Бахрейн, Мысыр және Мальдивымен бірге Катарға лаңкестік пен әсірешілдікті қолдады және басқа елдердің ішкі істеріне араласты деген айыппен өздерінің саяси және дипломатиялық қарым-қатынастарын тоқтатып, осы елдегі өздерінің құрлық, әуе және теңіздегі шекаралық бекеттерін жапты.
Осы елдерде шетелдік әуе сапарларының тоқтатылуы – олардың Катарға қарсы сұрқия әрекеттерінің келесі бірі. Доха да олардың әрекетіне жауап ретінде осы елдерге баратын әуе рейстерін тоқтатты.