Парсы шығанағындағы араб елдері арасындағы қайшылықтың тамырлары
(last modified Wed, 07 Jun 2017 15:16:09 GMT )
Маусым 07, 2017 21:16 Asia/Almaty
  • Парсы шығанағындағы араб елдері арасындағы қайшылықтың тамырлары

Қатардың ақпарат құралдары шұғыл хабарламасында Қатар Әмірі шейх Хамд бен Халифе әл-Санидің маусымның 6 күні мәлімдеме жариялап, қарулы күштеріне бұл елге жасалған кез келген шабуылмен қарсыласуға толық дайын болу туралы бұйрық бергенін хабарлады.

Қатар Әмірінің бұл бұйрығы Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің ішіндегі осы ел мен Сауд Арабиясы, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы қайшылықтың жоғары толқынына жеткенін көрсетеді.

Араб елдері нақты айқтанда Қатар мен Сауд Арабиясының арасындағы қайшылықтардың тамыры неде?

Біріншіден, бұл қайшылықтардың тамыры Сауд Арабиясының Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіндегі саясатына оралады. Сауд режимі Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің басқа мүшелерімен өзінің қоластындағы мемлекеттер сынды қарым-қатынас орнатып, олардан ешбір сұрақсыз Риядтың аймақтағы саясаттарын қолдауды талап етеді. Кез келген  мемлекет өз алдына тәуелсіз болғысы келеді.

Екіншіден, Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің мүшелері, соның ішінде Қатар және Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі мен Бахрейн аймақ мәселелеріне қатысты ұстанымдарында қайшылықтарға ие. Бұл салада Мұсылман бауырлары мен ХАМАС, араб наразылықтары және ИИР мен қарым-қатынастардың қандай болуы сынды мәселелер басқа мәселелерге қарағанда Қатар мен аталмыш үш елдің арасындағы қайшылықтарға көбірек әсер етуде.

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі мен Бахрейн үкіметтері  Мұсылман бауырлары мен ХАМАС-ты лаңкестік топтардың қатарына қосады, ал Қатар үкіметі олармен жақын қарым-қатынас орнатуда. 2014 жылы да дәл осы мәселе Қатар мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің аталмыш үш мемлекетінің арасындағы дағдарысқа себеп болып, олар өз елшілерін Дохадан қайтарған болатын.

Қатар үкіметі 2011 жылы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан басталған  үкіметтерге қарсы наразылықтарға аймақтағы өз орнын нығайтатын мұрсат ретінде қарады, ал Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі мен Бахрейн  сол наразылықтардың негізгі қарсыластары болды.

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі мен Бахрейн  ИИР-н аймақта  қайшылық тудырушы санап, Теһранмен қарым-қатынастарын азайтпақ. Қатар үкіметі ИИР-ын аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа оң әсер етуші деп білумен қатар, Теһранмен арадағы қарым-қатынастарын кеңейткісі келеді.  Осыған орай Қатар Әмірінің әскери күштеріне берген бүгінгі бұйрығында «Қатарға тиесілі суларға рұқсатсыз батыс немесе шығыс жағынан кіретін әскери және әскери емес кез келген кеме нысанаға алынады» деп баса айтылған. Бұл бұйрық тек Иранның ортақ шекараларынан келетін кемелер мен қайықтарға ғана қатысты емес.

Үшіншіден, Қатар мен Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі мен Бахрейн арасындағы қайшылыққа АҚШ пен кейбір еуропалық мемлекеттердің араласушылық саясаттары себеп болды.  Аталмыш елдердің арасындағы жуырдағы қайшылық АҚШ Президенті Дональд Трамптың Рияд сапарынан бір күннен кейін орын алды. Дональд Трамп бұл сапарда Сауд Арабиясының аймақтағы саясаттарын қолдап, Қатардың аймақтық саясатына күмән білдірді. Бұл ұстаным Қатар басшыларының реакциясымен кезікті. Қатардың реакциясы осы ел мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше басқа үш ел арасындағы қайшылыққа соқтырды.