ХАМАС Адель әл-Джубейрдың сөзіне реакция білдірді
(last modified Thu, 08 Jun 2017 00:24:50 GMT )
Маусым 08, 2017 06:24 Asia/Almaty
  • ХАМАС Адель әл-Джубейрдың сөзіне реакция білдірді

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрінің осы ұйымға қарсы сөздерін халықаралық заңдар мен араб және исламдық ережелерге қайшы деп атады.

Арабстанның Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр сейсенбі күні Катардың ХАМАС қозғалысын қолдауы туралы ескерту жасап: "Катар ХАМАС сияқты топтарды қолдауын тоқтатуы тиіс" деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  ХАМАС қозғалысы: "Бұл сөздер саудиялықтардың Палестинаның мақсаттары, қарсыласу құқығы және басып алынған жерлер мен құндылықтарды азат ету үшін күрес жолында табандылық танытып отырған Палестина халқы мен исламдық үмбетті әлсіретуді көздейтінін  көрсетеді" деді.

ХАМАС қозғалысы сонымен қатар әл-Джубейрдың сөздерін сионистік режимнің пайдасына қарай айтылған деп сипаттап: "Сионистік дұшпан осы сөздерді теріс пайдаланып, Палестина халқы мен Құдс пен әл-Ақса мешітіне қарсы қылмыстарын күшейту  үшін жаңа мүмкіндік ретінде қабылдайды" деді.