Иран мен Сирия лаңкестікпен күресте бір-бірінің қасынан табылады
(last modified Fri, 09 Jun 2017 01:04:39 GMT )
Маусым 09, 2017 07:04 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирия лаңкестікпен күресте бір-бірінің қасынан табылады

Сирия президенті Теһранда болған лаңкестік шабуылдарға білдірген реакцияда Сирия мен Иранның лаңкестікпен күресте бір-бірінің қасынан табылатынын қуаттады.

Сирия президенті Башар Асад ИИР-ның президенті Хасан Руханимен телефон арқылы байланысып, Теһранда сәрсенбі күні болған лаңкестік шабуылдарды айыптап: «Лаңкестердің осындай пасық тәсілдерге баруы олардың Иран мен осы елдің халқына соққы беруде жеңіліс табуын көрсетеді. Лаңкестер аймақтағы өздерінің жеңілістерінің орынын толтыру үшін осындай террористік әрекеттерге жүгініп, өздерінің мүддесіне саяси өзгерістер қалыптастыру үшін пайдалануда» деді. Башар Асад сонымен қатар Сирия үкіметі мен халқының ИИР-ның үкіметі және халқымен толық бірлігін қуаттады.