Сауд Арабиясы катарлықтарға әл-Харам мешітіне кіруге тыйым салды
(last modified Sun, 11 Jun 2017 16:29:10 GMT )
Маусым 11, 2017 22:29 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы катарлықтарға әл-Харам мешітіне кіруге тыйым салды

Арабстан мен бірнеше ел Катармен дипломатиялық байланыстарын тоқтатқаннан кейін саудиялықтар катарлық азаматтардың әл-Харам мешітіне кіруіне тыйым салды.

Катардың Ұлттық адам құқығы комитетінің төрағасы Әли бен Замих әл-Марри: "Осы комитетке катарлық азаматтардан шағымдар келіп түсті. Онда саудиялықтардың Катар азаматтарының әл-Харам мешітіне кіруіне тыйым салып, Сауд Арабиясынан жылдам кетуді сұрағаны туралы айтылған" деді.

Әли бен Замих әл-Марри сонымен қатар араб елдерінің Катарға қарсы бойкот жариялауын  ұжымдық жаза әрі халықаралық қылмыс деп атап: "Аталмыш комитет осы уақытқа дейін Катарды қоршаудан зарар шеккен адамдардан 700 шағым алғаннан кейін бұл мәселені Адам құқығын бақылау ұйымына тапсырды" деді.

Өткен аптаның дүйсенбі күні Арабстан, БАӘ, Бахрейн мен Мысыр Катармен байланыстарын тоқтатқан болатын. Аталмыш елдер Катардан Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-ты қолдауын тоқтатуды талап етіп, басқа да мәселелер бойынша өздеріне қарсы келмеуді сұраған болатын.

Алайда Катар үкіметі ешкімге өзінің сыртқы саясатына араласуға жол бермейтінін қуаттады.