БҰҰ-ның палестиналық босқындарды қолдау ұйымы Нетаняхудың сөзіне реакция білдірді
Палестиналық босқындарды қолдау және жұмыспен қамту ұйымы: "Бұл ұйымға өкілеттікті Біріккен ұлттыр ұйымының Бас Ассамблеясы тапсырған. Сол себепті ешкім оның іс-әрекеттеріне араласа алмайды" деді.
Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жексенбі күні Палестиналық босқындарды қолдау ұйымына «Израильге қарсы арандатушы әрекеттер жасап жатыр» деген айып тағып, бұл ұйымның таратылуын талап етті.
Палестинаның ақпарат тарату орталығының мәліметіне сәйкес, Палестиналық босқындарды қолдау ұйымының ақпарат хатшысы Сами Моаше мәлімдемеде: " 2016 жылдың желтоқсан айында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бұл ұйымның жұмысын тағы үш жылға ұзартуға оң дауыс берді" деді.
Моаше палестиналық босқындардың жағдайын жақсартуға тоқталып: "Бұл дағдарысты шешудің уақыты жетті. Бұдан бұрын Палестиналық босқындарды қолдау ұйымы Израиль режимінің атауын бұл елдің тарихының болмауына байланысты палестиналық балалардың оқу құралдарынан алып тастаған болатын" деді.