Ливандағы лаңкестік әрекеттерге Бендер бен Сұлтан жетекшілік еткен
(last modified Wed, 14 Jun 2017 15:08:36 GMT )
Маусым 14, 2017 21:08 Asia/Almaty
  • Ливандағы лаңкестік әрекеттерге Бендер бен Сұлтан жетекшілік еткен

Иран Ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі: "Сауд Арабиясының қауіпсіздік органының бұрынғы басшысы Бендер бен Сұлтан 2013 жылы қараша айында Иранның Бейруттегі елшілігінің алдындағы лаңкестік әрекеттерге жетекшілік еткен" деді.

2013 жылдың қараша айының он тоғызы күні ИИР-ның Бейруттегі елшілігіне жақын маңда орын алған екі лаңкестік жарылыс салдарынан 25 адам, соның ішінде, Иран елшілігінің мәдени өкілі Ибрахим Ансари шәһид болып, 150-ден астам адам жараланып, "Абдолла Азамның батальоны" деп аталатын лаңкестік топ бұл лаңкестік оқиғаның жауапкершілігін өз мойнына алған болатын. 

Иран Ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Хосейн Амир Абдоллаһиан Twitter-дегі жеке парақшасында: "Қазір де Рияд Теһрандағы маусым айының жетісі күнгі лаңкестік шабуылдарға қатысты басты күдікті болып отыр" деп жазды. 

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр Теһрандағы лаңкестік шабуылдардан бұрын Twitter-дегі жазбасында: "Иран аймақтағы лаңкестікті қолдап, басқа елдердің істеріне араласқаны үшін жазалануы керек" деп қуаттады. 

Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салман да біраз бұрын Иранға қарсы сөздерінде: "Соғысты Иранның жеріне қарай өрістету керек" деді.