Қоқан-лоққы мен санкция – араб елдері арасындағы мәселелердің шешім жолы емес
(last modified Wed, 14 Jun 2017 16:35:41 GMT )
Маусым 14, 2017 22:35 Asia/Almaty
  • Қоқан-лоққы мен санкция – араб елдері арасындағы мәселелердің шешім жолы емес

ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі Зариф: "Парсы шығанағы серіктестігі кеңесіне мүше елдердің дағдарысын шешу үшін қоршау, санкция, қоқан-лоққы мен жазалау нәтиже бермейді" деді.

ИИР-ның СІМ Мохаммад Джавад Зариф катарлық "ал-Джазира" телеарнасына берген сұхбатта: "Иранның Парсы Шығанағы мен басқа елдерге беретін жолдауы мынадай: енді қиындықтар мен алауыздықтар үшін орын жоқ. Елдер арасындағы мәселелерді қысым, қоқан-лоққы мен жазалау арқылы шешуге болмайды. Келіспеушіліктерді шешудің жолы – келіссөздер мен кеңесулер, жалпы алғанда достық талпыныстар. Бүгінде әлемдегі қиындықтардың шешім жолы жоқ емес. Егер басқаларға зиян келтіру арқылы пайда  табуды көздесек, барша зиян шегетін болады. Сол себепті Иран аймақтағы өзімен көршілес барлық елдерден туындап отырған мәселелерге қарамастан, келіспеушіліктерін шешу үшін келіссөздерге бет бұрып, басқаны жойып жіберуді көздемеуді сұрайды. Бұл жол – аймақтағы қиындықтардың шешімінің кілті. Халықтардың ерік-жігерін сындыру үшін қоршау жасап, санкция салу, қоқан-лоққы мен жазалау олардың жігерлерін жетілдіре түседі " деді.