Катардың бұрынғы Сыртқы істер министрі Сирияға қатысты қателескендерін мойындады
(last modified Thu, 15 Jun 2017 08:12:20 GMT )
Маусым 15, 2017 14:12 Asia/Almaty
  • Катардың бұрынғы Сыртқы істер министрі Сирияға қатысты қателескендерін мойындады

Катардың бұрынғы Сыртқы істер министрі: "Парсы шығанағының оңтүстік жағалауындағы елдер мен АҚШ Сирияда көп қателік жасады",- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат қызметінің мәліметі бойынша, Хамд бин Джасем бин Джабр әл-Тани сәрсенбі күні америкалық BBC телеарнасына берген сұхбатында Вашингтонның Сириядағы кейбір топтарға қолдау көрсетуінің қате  болғанын мойындап: «АҚШ пен Парсы шығанағының оңтүстік жағалауындағы елдер, әсіресе Катар Йордания мен Түркияда орналасқан операциялық екі штабы арқылы Сирияда әрекет етті",- деді.

Хамд бин Джасем бин Джабр әл-Тани Сириядағы лаңкестік топтардың әрекеттерінің төндіретін қатеріне тоқаталып: "Бұл топтардың Сириядағы  жұмыстарын аяқтағаннан кейін бізге келетінін енді түсіндік.

Катар Иранмен табиғи және жақсы қарым-қатынасын жалғастырады. Иран – Катардың көршісі. Екі ел ортақ газ кен орнына ие. Сондықтан, Иранмен жақсы қатынаста болу табиғи әрі заңды жағдай",- деді.