Ресейдің Сириядағы әуе шабуылы кезінде 180-ге жуық ДАИШ-тің мүшесі өлді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i28144
Ресей өз бомбалаушыларының Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобының позицияларына шабуылы нәтижесінде шамамен 180 лаңкестің, әсіресе бұл топтың екі басшысының өлтірілгені туралы мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 18, 2017 15:20 Asia/Almaty
  • Ресейдің Сириядағы әуе шабуылы кезінде 180-ге жуық ДАИШ-тің мүшесі өлді

Ресей өз бомбалаушыларының Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобының позицияларына шабуылы нәтижесінде шамамен 180 лаңкестің, әсіресе бұл топтың екі басшысының өлтірілгені туралы мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігі: "Лаңкестердің Дейр аз-Зур базасына шабуылының алдын алу мақсатында біздің бомбалаушыларымыздың Сирияның шығысындағы Дейр аз-Зур аймағында орналасқан ДАИШ лаңкестерінің позицияларына шабуыл жасауының нәтижесінде шамамен 180-ге жуық лаңкестің көзін жойылды",- деп мәлімдеді.

Sputnik ақпарат агенттігінің Ресей Қорғаныс министрінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ресей әуе күштері барлаушы ұшқышсыз ұшақтарды пайдалана отырып, ДАИШ лаңкестерінің Дейр аз-Зур базасына шабуыл жасау туралы жоспарынан хабардар болып, лаңкестердің шабуылын залалсыздандару үшін әскери амалдар жоспарлаған.

Әуе шабуылы кезінде Абу Омар Бельжики мен Абу Ясин әл-Месри атты ДАИШ лаңкестерінің екі басшысы өлтірілді.