ДАИШ Мосулдің тарихи мешітін ирактық 60 отбасымен бірге жарып жіберді
(last modified Thu, 22 Jun 2017 14:14:35 GMT )
Маусым 22, 2017 20:14 Asia/Almaty
  • 
ДАИШ Мосулдің тарихи мешітін ирактық 60 отбасымен бірге жарып жіберді

ДАИШ лаңкестік тобы Мосулдегі өзінің жаңа қылмысында ан-Нури мешіті мен осы мешіттің 800 жылдық тарихы бар ал-Ходаба мұнарасын жарып жіберді.

«Әл-Алам» арнасының мәліметі бойынша, жарылыс ирактық күштер ан-Нури тарихи мешітіне 50 метр қалған кезде орын алған.

Мосулдағы хабардар көздердің мәліметі бойынша, ДАИШ тобы мүшелері ан-Нури мешіті мен ал-Ходаба мұнарасын жарудан бұрын осы қаладан кетпек болған ирактық 60 отбасын құрықтап, мешіттің ішіне апарған. Осы мәліметке сәйкес, ирактық 60 отбасының барлық мүшелері жарылыста көз жұмған.

Ирактық күштер Мосулдағы ДАИШ тобының позицияларына жақындаған кезде аталмыш лаңкестік топтың мүшелері Мосул қаласындағы ауруханалар мен мешіттер және басқа да нысандарды жаруға кіріседі.

Ирак премьер-министрі Хейдар ал-Абади бүгін, бейсенбі күні таңертең ДАИШ-тің қылмыстарынан кейін сөйлеген сөзінде: «ДАИШ-тің ал-Ходаба мұнарасы мен ан-Нури мешітін жару әрекеті лаңкестік топтың жеңіліс табуын ресми түрде жариялауы» деді.

ДАИШ лаңкестік тобының қолбасшысы Абу Бакр ал-Бағдади 2014 жылдың маусым айында өзінің халифатын ан-Нури мешітінде жариялаған болатын.