Сионистік режим Таяу Шығыста Американың қару-жарақ келісімдеріне реакция білдірді
Маусым 22, 2017 20:59 Asia/Almaty
Сионистік режимнің әуе күштерінің қолбасшысы Амир Ешел басып алынған жерлерде өткен Герцлия қауіпсіздік конференциясында Американың Таяу Шығысқа қару-жарақ сату туралы келісімдерін алаңдатарлық деп атап:
«Американың Таяу Шығыс елдеріне құны 20 миллиард долларды құрайтын қару-жарақ сатуы стратегиялық өзгеріс қалыптастырып, Таяу Шығыс аймағының тыныштығы мен тұрақтылығын бұзуы мүмкін. Қару-жарақ саудасының бұл көлеміне көзжұмбайлық танытуға болмайды. Бұл қару-жарақ Израиль әуе күштерінің артықшылығына нұқсан келтіруі және біраз уақыттан кейін Израильге қарсы қолданылуы мүмкін» деді.
Тегтер