Әлемдік Құдс күні Палестинаның жағдайына шолу
Бүгін 2017-ші жылдың маусым айының 23 күні Иран Ислам революциясының көсемі имам Хомейни «Құдс күні» деп атап кеткен қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасына сәйкес келді.
Расында Палестина мен палестиналықтар тарихта ең қаналған ел саналады. Өйткені, заңсыз құрылған режим олардың жерлерін басып алып, әлем бойындағы ең көп босқындар жамағатының пайда болуына себеп болды. Палестина жерлерін басып алғандар палестиналықтарға азап-қорлық көрсетуде. Олар 10 жыл бойы Газа секторын қоршауда ұстап, бұл жердің халқының жағдайын өте қиындатты. Олардың тұрғын үйлерін қиратып, еврейлер өмір сүретін сионистік қалашықтар салды. Басқыншы режимнің бір жердің тұрғындарына мұндай қылмыстар жасауы заманауи тарихта кездеспеген жайт. Палестинаның қаналуын еске алып, Израильдің қылмыстарына назар аударту мақсатында имам Хомейни қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын «Құдс күні» деп атады.
Бүгін мұсылман халықтар әлемнің жер-жерінде Құдс күнін құрметтеп, Палестина халқына ынтымақтастықтарын білдіру үшін Израильге қарсы шерулер өткізіп отырған жағдайда бір жақтан Палестина мәселесі ислам әлемінің тақырыптарынан оқшауланып, басқа жақтан Израиль өз қылмыстарын арттырып отыр.
Бір кезде Палестина әсіресе араб әлемінің билігі туралы уәж айтып отырған араб басшыларының ең маңызды тақырыбы болды. Алайда, араб мемлекеттерінің Израильмен қарым-қатынастарын арттыруы туралы хабарлар естілуде. Дәл осы кезде Палестинаны азат ету халық майданының басшысы Марван Абд әл-Аол әлемдік Құдс күніне байланысты Иранның мәдени орталығының талпынысымен Бейрутте өткен палестиналық зерттеу орталығының отырысында Палестина мәселесінің аймақта азырақ айтылатынын айтты. Ливандағы Палестина исламдық жиһад қозғалысының өкілі Абу Эмад әр-Рафаи де Бейрут отырысында: «Бүгінде Палестина қауіп-қатерге тірелуде. Израиль ғана емес, кейбір араб мемлекеттері Палестина мен оның халқына қоқан-лоққы болуда»,- деді. Кувейттік ойшыл және Палестинаның қарсыласу істерін зерттеуші Абдолла әл-Мусави де кеше маусымның 22 күні аймақтың кейбір мемлекеттерінің Палестина тақырыбының шындығына немқұрайдылық танытуына өкініш білдіріп: «Бұл мемлекеттер Палестина жерлерінің үлкен бөлімінің тағдырын сионистерге тапсырып, бұл режиммен бітімге келуде»,- деді.
Израиль режимі үшін қолайлы мұндай жағдайда сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху қайтадан Қауіпсіздік кеңесінің 2334-ші қарарымен санаспай, басып алынған Құдста сионистер үшін 7000-нан астам жаңа пәтер салу жобасын қолдады. Израиль әскерилері маусымның 21 күні суық қарумен оларға шабуыл жасауды мақсат етті деген сылтаумен палестиналық жас жігітке тексеріс жүргізіп жатқан кезде оған оқ жаудырып, өлтірді.
Палестинаның бүгінгі ащы шындықтарының бірі араб елдері Палестина мәселесін басты мәселелерінің қатарынан алып тастаған кезде Израильді қолдаушылар, әсіресе АҚШ бұл режимге қолдауын арттырды. Осы кезде АҚШ Президенті Дональд Трамптың өкілі Джейсон Гринблат пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер Құдс күні қарсаңында басып алынған Палестина жерлеріне сапар шегіп, Нетаньяхумен кездесіп, пікір алмасты.
Араб елдері басшыларының көбі Палестина мәселесін басты мәселелерінің қатарынан алып тастаған жағдайда мұсылмандардың бүгін, Рамазан айының соңғы жұмасында әлемнің жер-жерінде өткізген шерулері араб және араб емес мұсылман халықтар үшін Палестина мәселесінің бұрынғыдай маңызды екендігін көрсетті.