Сионистік режим – әлемдегі лаңкестіктің бастауы
(last modified Sat, 24 Jun 2017 12:34:15 GMT )
Маусым 24, 2017 18:34 Asia/Almaty
  • Сионистік режим – әлемдегі лаңкестіктің бастауы

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Лариджани: "Соңғы ғасырда сионистік режимнің құрылуынан асқан қатерлі құбылыс болған жоқ. Себебі оның пайда болып, қалыптасуында тарихта бұрын-соңды болмаған қылмыстар жасалды",- деді.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Али Лариджани Теһран жұма намазының құтпаларының алдында айтқан сөзінде Палестинаны қолдау мәселесін мұсылмандық міндет деп атап: "ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің Құдс күнін атаудағы мақсаты мұсылман халықтарының оянуы мен маңызды мұсылмандық міндеттерден қапы қалмау болды.

Сионистік режимнің құрылуы Таяу Шығыстағы қауіптің етек жаюының басы болды. Бүгінде осы режимнің лаңкестерге қолдау жасайтыны әшкере болып, бұл құбылыс мұсылман мемлекеттерінің басым бөлігін қамтып отыр",- деп мәлімдеді.

Ол сионизм құбылысын халықаралық деңгейде дамып келе жатқан шайтандық құбылыс деп атап: "Бұл режимнің дамуды мақсат етуі тек Таяу Шығыс аймағымен шектеліп қоймайды. Себебі сионистік режимнің Парламент депутаттары Израильдің батыстағы шекараларын Швецияға, шығысында Ирак жерлеріне жетеді деп мәлімдеді ",-деді.

Иран Мәжілісінің төрағасы сондай-ақ ДАИШ-ты сионистік режимнен бастау алады деп: "Американың сионистік режимді қолдауы лаңкестікке жақтасу дегенді білдіреді",- деп қуаттады.