Аймақ өзгерістерінің мақсаты – Палестинаны ұмыттыру
(last modified Sat, 24 Jun 2017 17:30:57 GMT )
Маусым 24, 2017 23:30 Asia/Almaty
  • Аймақ өзгерістерінің мақсаты – Палестинаны ұмыттыру

Ливан Хизболласының Бас хатшысы: «Аймақтағы бүгінгі оқиғалардың мақсаты – Палестина мәселесін сионистік режимнің мүддесіне сай аяқтау үшін саяси жағдай дайындау»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла жұма күні әлемдік Құдс күніне арналып Бейруттің оңтүстігінде өткен шарада сөйлеген сөзінде «Палестина мәселесін ұмыттыру – аймақта соңғы жылдары орын алып жатқан оқиғалардың негізгі мақсаты. Әлемдік үстемшілер мен АҚШ-тың қастықтарының мақсаты қарсыласу шебіне, әсіресе жан-жақты араб-израильдік бітімге кедергі болып отырған Сирияға соққы беру. Осыған орай қарсыласу топтары лаңкестік топтар деп таныстырылуда»,- деп қуаттады.

Насролла Құдс күнінің Иран немесе араб әлеміне ғана қатысты еместігіне тоқталып: "Әлемдік Құдс күніндегі шеру Палестина мәселесін жандандыру мақсатында өтеді. Жақын арада кедергілердің шешілуімен барша халық Палестинаға әлемдік қолдау көрсету тақырыбын жандандырады»,- деді.