Йеменде тырысқақ ауруы құрбандарының саны 1300-ден асты
Маусым 25, 2017 14:01 Asia/Almaty
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазірге дейін 1310 йемендік тырысқақ ауруына шалдығу салдарынан көз жұмған.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі кезге дейін Йеменнің әртүрлі аймақтарында 200 мың адам тырысқақ ауруына шалдықты деген болжам жасады.
Сауд Арабиясының Йеменге шабуыл жасауы мен бұл елдің инфрақұрылымдарын бұзу, әсіресе сумен жабдықтау желісінің істен шығуының жалғасында тырысқақ ауруы Йеменде тез таралуда.
Арабстанның кедей Йемен еліне қарсы әскери басқыншылығы бұл елді қатты азық-түлік және дәрі-дәрмек тапшылығына ұшыратты.
Тегтер